Білім беру тенденцияcы
Бірінші тенденция – білім берудің әрбір кезеңін үздіксіз халықтық білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде ұғыну (мектеп пен жоғaры оқу орны; ЖОО мен студенттердің болашақ өндірістік қызметі);
Екінші тенденция – «оқытуды индустрияландыру», яғни қазіргі заманғы қоғамның интеллектуалдық әрекетін іс жүзінде күшейтуге мүмкіндік беретін оқытуды компьютерлендіру және оны технологияландыру.
Үшінші тенденция - басым мәлімeттік формалардан проблемалық элементтер, ғылыми ізденістер, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қорын кеңінен қолданулары қамтылған оқытудың белсенді әдістері мен формаларына көшу.
Төртінші тенденция – оқу-тәрбие процесін қатаң тәртіппен ұйымдастыру мен алгоритмделген әдістерден осы процесті дамытушы, белсендіруші, жылдамдатушы, ойын және т.б. әдістеріне ауысудың психологиялық-дидактикалық шарттарын қарастыру.
Бесінші және алтыншы тенденция - оқушы мен оқытушының өзара әрекеттесуін ұйымдастыруға қатысты және оқытуды ұжымды, оқушылардың бірлескен әрекеті ретінде ұйымдастыру қажеттілігін атап өтеді, бұл жерде басты назар «оқытушының оқыту әрекетінен оқушының танымдық әрекетіне ауысады».
Білім берудің психологиялық принциптері
Қоғамның барлық тәрбиелеуші күштерінің, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсатында мектеп пен басқа арнайы институттардың бірлігі;
Ізгілендіру - қоғамның ең жоғары әлеуметтік құндылығы ретіндегі әр балаға көңіл аударуды күшейту, жоғары интеллектуалдық, адамгершілік қасиеттері және дене қуаты жетілген азаматты қалыптастыруға бағдар беру;
Жіктеу (дифференциация) және даралау (индивидуализация), әрбір оқушының қабілеттілігін толық анықтау және дамытуға дейін жағдайлар жасау;
Демократияландыру, оқушылар мен педагогтардың белсенділігін, шығармашылығын дамыту үшін алғышарттар құру, оқушылар мен мұғалімдердің мүдделерінен туған өзара әрекеттесу, жұртшылықтың білім беруді басқаруға кеңінен қатысуы.
Білім беру модельдері
Білім беру моделі мемлекеттік - ведомствалық ұйым ретінде. Білім беру жүйесі мемлекеттік билік құрылымындағы халық шаруашылығының басқа да салалары сияқты өз алдына бөлек бағыт. Ол ведомстволық принцип бойынша қатаң түрде орталықтандырылған мақсаты, білім беру мазмұны, оқу мекемесінің номенклатурасы және білім беру жүйесінің типіне сәйкес оқу пәндерін анықтаудан құрылады.
Дамыта оқыту моделі (В.В.Давыдов, В.В.Рубцов және т.б.). Білім беруді ұйымдастыруды білім беру жүйесінің әртүрлі ранг, тип және деңгейлерінде кең түрде іс - әрекет кооперациясы арқылы жүзеге асырылатын ерекше инфрақұрылым ретінде қарастыруды мегзейді. Осындай құрылым білім беру қызметінде халықтың қажеттілігін қанағаттандыра алмақ және тез арада білім беру міндеттерін шешіп, білім беру спектрін кеңейтуді қамтамасыздандырмақ.
Дәстүрлі модель (Ж.Мажо, Л.Кро, Ж.Капель, Д.Равич, Ч.Финн т.б.) Жүйелі академиялық білім беру моделі мәдениеттің әмбебап (универсалды) элементтерін тасымалдау тәсілі ретінде қарастырылады. Дәстүрлі концепцияға сәйкес білім беру жүйесі базалық білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру міндетін шешуі тиіс.
Рационалистік модель ( П.Блум, Р.Ганьэ, Б.Скиннер т.б.) Білімді іскерлікті, дағдыны меңгеруді қамтамасыз ету арқылы қоғамға жас ұрпақты практикалық түрде бейімдеуді ұйымдастыруды шамалайды. Аталған модель аймағында жас ұрпаққа ауыртпалықсыз қоғамдық құрылымға енуге мүмкіндік беретін мәдени құндылықтарды тасымалдау - меңгерту жүзеге асырылады.
Феноменологиялық модель (А.Маслоу, А.Комбс, К.Роджерс және т.б.) Оқытудың тұлғалық сипаты білім алушылардың индивидуальдық-психологиялық ерекшеліктерін ескеруді, олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне мұқияттылық пен құрметпен қарауды болжайды. Оның өкілдері мектепке «білім беру конвейері» деп қарауды теріске шығарады. Білім беруді гуманистік тұрғыда қарастырады.
Институционалдық емес модель (П.Гудман, И.Иллич, Ж.Гудлэд, Ф.Клейн, Дж.Холт, Л.Бернар және т.б.). Білім беруді әлеуметтік институттардан, соның ішінде мектеп және ЖОО тыс ұйымдастырудың қажеттігіне бағытталған, демек білім беру «табиғатта», Internet көмегімен, «ашық мектеп» жағдайында, дистанттық оқыту және т.б. жүзеге асырылады деген қағиданы ұстайды.
Білім беру жүйесінің негізгі компоненттері (И.П.Раченко бойынша)
Жүйенің қызметін анықтайтын мақсаттар мен міндеттер;
Оқыту мен тәрбиенің мазмұны;
Педагогикалық кадрлар;
Ғылыми кадрлар;
Оқушылар;
Материалдық-техникалық жабдықтау;
Жүйенің қаржымен қамтамасыздандырылуы және оның тиімділік көрсеткіштері;
Жағдайлар (психофизиологиялық, санитарлық - гигиеналық, эстетикалық және әлеуметтік);
Ұйымдастыру және басқару.
Білім беру жүйесінің негізгі компоненттері (Ф.Г.Кумбс бойынша)
- Жүйедегі әрекетті анықтайтын мақсаттар мен алғашқы міндеттер;
- Оқушылар;
- Жүйедегі әрекетті үйлесімді басқару, жетекшілік жасау және бағалау;
- Оқу уақытының құрылымы мен бөлу, әртүрлі тапсырмаларға сәйкес оқушылардың бөлінуі;
- Мазмұн;
- Оқытушылар;
- Оқу құралы ;
- Оқу процесіне қажет ғимарат;
- Технология;
- Білімді тексеру және бағалау;
- Ғылыми зерттеу жұмысы;
- Жүйе тиімділігінің көрсеткіші , шығыны.