Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 желтоқсанда № 31231 болып тіркелді) басшылыққа ала отырып:
Түркістан облысының білім басқармасының «Келес ауданының білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесіне қарасты «№59 Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагог бос лауазымына КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.
Конкурс жарияланған мекеменің атауы:
«№ 59 Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тұрақты бос жұмыс орнындағы педагогтар:
Конкурс жарияланған лауазымның атауы:
«№ 59 Б. Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2 штат математика пәні мұғалімі бос лауазымы.
Еңбек ақы төлеу мөлшері:
Еңбек сіңірген жылдары және білім беру ұйымдарының орналасқан жеріне байланысты 180700 (жүз сексен мың жеті жүз) теңгеге дейін.
Конкурс жарияланған лауазымның атауы:
«№ 59 Б. Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 1 штат тәрбиеші бос лауазымы.
Еңбек ақы төлеу мөлшері:
Еңбек сіңірген жылдары және білім беру ұйымдарының орналасқан жеріне байланысты 97500 (тоқсан жеті мың бес жүз) теңгеге дейін.
Конкурс жарияланған лауазымның атауы:
«№ 59 Б. Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 0,5 штат тәрбие орынбасары бос лауазымы.
Еңбек ақы төлеу мөлшері:
Еңбек сіңірген жылдары және білім беру ұйымдарының орналасқан жеріне байланысты 139674 (жүз отыз тоғыз мың алты жүз жетпіс төрт) теңгеге дейін.
Конкурс жарияланған лауазымның атауы:
«№ 59 Б. Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 0,5 штат оқу орынбасары бос лауазымы.
Еңбек ақы төлеу мөлшері:
Еңбек сіңірген жылдары және білім беру ұйымдарының орналасқан жеріне байланысты 139674 (жүз отыз тоғыз мың алты жүз жетпіс төрт) теңгеге дейін.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау және өткізу орны:
Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөліміне қарасты «№ 59 Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Келес ауданы, Бозай ауылдық округі, Бозай ауылы, Құрманғазы көшесі №2 ғимарат, пошта индексі 160905, телефон +7(7023275072), электронды мекен жайы
Кандидаттың негізгі функционалдық міндеттері:
"Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығының 3 тарау 7-параграф 64 бөліміне сәйкес функционалдық міндеттер.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- "педагог":
- оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін білуі тиіс;
- білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;
- білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;
- білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;
- білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;
- кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;
- тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;
- және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап жеті жұмыс күні (06.08.2024 жыл күнінен басталады).
Конкурсқа қатысу үшін тапсырылуы қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат;
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
- Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- Денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе куәлік;
- Ағылшын тілі бойынша сертификаттар (бар болса);
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер;
- Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
- Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (кемінде 15 минут).
Аталған құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны мен электрондық адрес: +7(7023275072),